Велосипедтің шығу тарихы туралы мәлімет қажет. Велосипед туралы


Велосипедтің шығу тарихы туралы мәлімет қажет

Велосипед (фр. vélocipède, шығу тегі лат. velox —[1] жылдам, жедел және pes — аяқ) — адам күшімен қозғалатын көлік түрі.

Көбінесе екі доңғалақты, кейбір кездерде үш доңғалақты түрлері де кездеседі. Бірінші велосипедтер Еуропада 19 ғасыр пайда болып, одан бері әлемге кең тарап, қазіргі дағдылы кейіпіне дейін дамып келген. Бүгінгі күні саны 1,000,000,000-тан асатын бұл көлік әлемнің кейбір аумақтарында серуендеуге, не спортта қолданылса, көп региондарда негізгі транспорт түрі болып табылады.

Велосипедтің жалпы бейнесі, рамасының конфигурациясы, доңғалақтары, педальдары, отырғышы және тұтқасы 1885 жылы алғашқы жасалған шынжырлы нұсқасынан аса көп өзгерген емес. Әрине сол уақыттан бері, әсіресе кейінгі кезде, жаңа материалдар қолданылып, компьютері орнатылған модельдері де дамытылып, велосипедтің дизайнына айтарлықтай өзгерістер жасалды

Велосипед – жедел жүруге арналған қарапайым көлік. Ол 16 ғасырдан бастап көптеген елдердің өнертапқыштары: Г.Гантшель (Германия, 1649), Р. Ла Рошелли (Франция, 1693), Леонтий Шамшуренков (Ресей, 1752), Овенден (Англия, 1761), тағыда басқа жасаған төрт доңғалақты арба негізінде шыққан. Алғашкы екі доңғалақты велосипед Ресейде жасалды. Ефим Артамонов жасаған велосипед 1801 жылы Мәскеуде көпшілікке көрсетілді. Оның алдыңғы үлкен доңғалағы педаль арқылы қозғалысқа келетін де, артқы кішкене доңғалағы сүйемелдеуіш қызметін атқаратын. Соңынан Батыс Еуропа елдерінде әр түрлі велосипедтер (Карл Драйс, Германия, 1815) пайда болды. 19 ғасырдың 50-жылдары неміс механигі Ф.М. Фишер велосипедтің алдыңғы доңғалағына педаль кигізілген шатун орнатуды ұсынды. 19 ғасырдың аяқ кезінен бастап велосипед көптеп шығарыла бастады. Бұл кезде оның құрылысына пневматикалық шина, шарикті ішпек (подшипник), болат түтіктен жасалған рама, шынжырлы беріліс, еркін жүріс механизмі, тағыда басқа енгізілді. Қазіргі велосипед үстіне ершік орнатылған рамадан, екі (кейде үш) доңғалақтан тұрады. Ол аяқ күшімен педальді беріліс арқылы қозғалысқа келтіріледі. Оның рульмен байланысқан алдыңғы доңғалағы бағыттаушы қызметін атқарады. Велосипед пайдалану мақсатына және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: көліктік велосипед, көліктік жеңіл велосипед, жасөспірімдер велосипеді, спорттық велосипед, балалар велосипеді және арнаулы велосипед болып ажыратылады. Көліктік велосипедтің рамасы берік, шинасы жалпақ, рулі биік орналасқан, салмағы 16 килограмм шамасында, пайдалануда барынша қарапайым болып келеді. Көліктік жеңіл велосипедтің салмағы жеңілдеу (14 килограмм) әрі шинасы жіңішкелеу, әдетте қол тежеуішпен жабдықталады. Жасөспірімдер велосипеді ересектерге арналған көліктік велосипедтің көшірмесі іспетті, құрылымы мейлінше қарапайым әрі бөлшектері үлкен велосипедтегіден гөрі кішірек келеді. Спорттық велосипедтердің тас жолға және трекке арналған түрлері бар. Олардың салмағы жеңіл (8 – 11 килограмм), камерасыз шиналары жіңішке болады; құралымдық жабдықтары легирленген болат және дюралюминий сияқты берік әрі барынша жеңіл материалдардан жасалады, рулі төмен орнатылып, қол тежеуішпен және жылдамдық ауыстырғышпен (сегіз – он сатылы) жабдықталады. Спорттық велосипедтің бір түрі – тандем. Ол екі кісіге лайықталып, қос доңғалақты және қос берілісті болып жасалады. Мұндай велосипедтің жылдамдығы сағатына 70 километрге дейін жетеді. Балалар велосипедінің екі және үш доңғалақты, сондай-ақ құрама түрлері (үш доңғалақты велосипедті екі доңғалақты велосипедке және керісінше өзгертуге болады) бар. Балалар велосипедінің шиналары тұтастай құйылып немесе үрлемелі резина күйінде шығарылады. Арнаулы велосипедтерге циркте ойнауға, жүк тасуға, қарт адамдардың жүріп-тұруына арналған бір – үш доңғалақты велосипедтер, велоарба, тағыда басқа жатады. Соңғы кезде жиналмалы велосипедтер көп тарады. Аспалы қозғалтқышпен жабдықталған велосипед мопед деп аталады

 

Тарихы

Велосипедтің шығу тарихы мен ойлап шығарған адамы нақты белгілі емес. Ең ықтимал болжам ретінде неміс бароны Карл Дрездің[3] есімі аталады. К. Дрез өз машинасын 1817жылы ойлап тауып, патентін алған. Бұл көлік адамның жерді аяғымен итеру арқылы қозғалған.

Велосипедтің тарихы терең. Кейбір деректерге қарағанда, 1863 жылы Парижде 20 жас­тағы франциялық өнертапқыш Пьер Лалман қазіргі велосипедке ұқсайтын ең алғаш көлік құралын жасап шығарған кө­рі­не­ді. Тағы бір жылдан кейін франциялық инженер Пьер Мишо бұл көлікке «вело­сипед» деген атау берген екен. 1866 жылдың қараша айында Пьер Лалман Америкаға барып, өзі жасап шығарған велосипедке патент алды.

A penny-farthing or ordinary bicyclephotographed in the Škoda museum in theCzech Republic

Сөйткен велосипед жылдар бойы техникалық жағынан жетіліп, бүгінгі күнге дейін адамзат кәдесіне жарап келеді. Бір қызығы, XX ғасырда велосипедке деген қызығушылық біресе артып, біресе төмендеп отырған. 1905 жылдан бастап АҚШ пен Гер­мания сияқты дамыған елдерде автокөлік индустриясының дамуына байланысты ве­ло­сипед сән болудан қалды. Жол полициясы велосипедшілерді автокөлік қозғалысына кедергі туындататындар деп санайтын. Алай­да 1960 жылдың аяғына таман эколо­гиялық мәселелерге алаңдаумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттайтын да­мы­ған елдерде велосипедке деген қызығу­шы­лық қайтадан артты.

Өткен ғасырдың аяғына таман Кеңес Одағында адамның жас шамасына қарай сұрыпталған «Дружок», «Школьник», «Орленок», «Салют», «Кама», «Урал», «Уралец», «Украина», «Аист» сияқ­ты велосипедтер кеңінен тарағанын біз­дер жақсы білеміз.

Велосипедтің әлеуметтік рөлі зор болды. Еуропада бастау алған велосипед өндірісі автокөлік пен ұшақ құрастыру ісі­нің техникалық базасын құруға негіз беріпті. Велосипед қаңқасы мен басқа бөлшектерін жасауға бағытталған метал өңдеу техноло­гиялары кейіннен көліктің өзге түрлерінде қолданыс тапты. «Ровер», «Шкода», «Пежо», «Опель» сияқты өткен ғасырдың басында құрылған автокөлік шығаратын көптеген компаниялар әуел баста велосипед зауыты­нан бастаған екен. Жүргізушінің жынысы­на қарамайтын велосипед гендерлік теңсіз­дікті жоюға да үлес қосты. Оның арқасында әйелдер еркін қимылдауға мұрша бермейтін тар корсетті тастап, велосипедтің арқасында сәнге айналған ықшам, әрі ыңғайлы шалбар кие бастады.

VІІІ (?!) ғасырдың аяғында велоси­педтің арқасында ауыл тұрғындары көрші­лес ауыл мен қалаларға барып, түрлі елді мекендер өзара қыз алысып, қанның жаңа­руынан халықтың генетикалық денсаулығы да жақсарғанын ғалымдар жоққа шығар­майды. Велосипедтің арқасында халық бір қала­да шоғырланбай, қала сыртында өмір сүріп, алыс жерлерде жұмыс істеу мүмкін­дігін алған.

surak.baribar.kz

Велосипед туризмі — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Туризмнің белсенді түрлеріне көбінесе жорық кезінде туристердің өзінің дене қуатын мол талап ететін түрлер жатады. Мысалы: жаяу,шаңғымен, суда жүзу және т.с.с.Сонымен қатар аралас түрлері де кездеседі.Мысалы: автобус,пойыз,теплоходтар және т.б.Белгілі бір орынға жеткен соң,бір жерде бірнеше күнге созылатын белсенді түріде болады.Туризмнің белсенді түрін кейде халықаралық туризмде қаржы әкелетін,сосын төмен қабілетті мен бейімділік қабілетін қабылдай алатын туристер есебінен арттырады. Соның бір түрі болып, велосипед туризмі болады.

Велосипед туризмі - ұзақ қашықтықтағы,көптеген километрге (1100км дейін ) созылатын,арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік) құрал велосипед болып табылатын,жорық кезіндегі өзіндік кедергілері бар (жолсыз жерлер, орман-тоғайлар,жыралар т.б.) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы.Велосипед туризмі,өзіндік туризмнің түрі – велосипедпен болатын саяхаттар мен спорттық жорықтар.Велосипедпен кез келген жолды өтуге болады,соқпақ жолдар мен қарапайым тегіс жерлерді өтеді,онымен терең орлар арқылы да,құмды жерлерді де,тасты тау жолдарын да,өзенді де кесіп өтуге болады.Күніне қозғалыс қарқынына ,ауа райына,жол жағдайы мен оны жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40-тан 120 км дейін (арттан соққан жел кезінде 45-тен 140 км дейін) жолды жүріп өтеді.Саяхатта велотурист жүкті өзі алып жүрмейді,ол барлық жүкті велосипедке тиейді.Экологиялық жағынан велосипед таза көлік түрі.

Велосипед туризмі батпақта

Велосипед туризмінің өзінің артылықшылықтары болады.Жаяу адам жүре алатын жерлерден велосипедші өте алады.Велосипедші айтарлықтай аз шаршайды,ал қозғалыс жылдамдығы бірнеше ретартық болады.Сондықтан да велотуристердің маршрут таңдауда кең мүмкіндіктері бар.Туристің жасы мен физикалық жағдайын есепке алып отырса,велосипед жорықтары әр түрлі жастағы және мамандықтағы адамдарға қол жетерлік және пайдалы.

Велосипед тобындағы адамдардың ең қолайлы саны 4-8 адам.Велосаяхатқа қатысушылардың барлығы велосипедті қарапайым жөндеу,реттеу,жинау бойынша білімдері болуы тиіс және өздері велосипедте жүру техникасын жақсы игеруі тиіс. Жаңадан бастаған туристер қоныстанған және жол желістері дамыған маршрутты таңдағандары дұрыс: ал жеткілікті тәжірибелері бар топ күрделі маршруттарға да шыға алады.Велосипед қозғалыс құралы ретінде кез келген рельефті және кез келген жолды маршрутты таңдауға мүмкіндік береді.Жергілікті жердің рельефі, ауа-райы және жолдарының сапасына байланысты орта күштегі топ демалыс кезінде 400-ден 1000 км дейін жол жүре алады.

Велосипедті көліктің барлық түрінде алып жүруге жеңіл.Бұл туристердің тұратын жерлерінен алыс жерлерге саяхаттауына және маршруттың кейбір бөліктерінде теміржол,автомобиль,өзен немесе теңіз көлігін қолдануға мүмкіндік береді.Жақсы жетілдірілген жолдар бойынша өтетін маршруттарда 1,25 л күштіліктегі Д-5 типті велосипед двигателін қолдануға мүмкіндік береді.Ол жинақы,қарапайым,35-45 км/сағ. Жылдамдықта жүре алады;оның жол жылдамдығы 15-25 км.Жанармайға раналған багы 2,3 л,бір толтырғанда 150-160 км жолға жетеді.( 20 км/сағ. Жылдамдықтағы әрі жол сапасына байланысты).Велосипед туризмі қазіргі таңда өте жақсы дамыған белсенді туризмнің түрі болып табылады [1]

Веложорықтардың түрлері[өңдеу]

  • Біркүндік веложорық - түнеуі болмайтын веложорық. Әдетте жолға шығу таңертең, қайтып келуі сол күннің кешінде болады.
  • Демалыс күннің жорығы (ПВД) - бір түнеуі бар веложорық, яғни, жолға шығу сенбі күні таңертең, ал қайтып келуі жексенбі күні кеште жүзеге асырылады.
  • Көпкүнді веложорық - бірнеше күнге созылған түнеуі бар веложорық болып табылады.
  • Спорттық веложорық - туризмнің басқа түрлері сияқты арнайы органдармен бақыланады.

Дәрежелері[өңдеу]

Велосипедтік спорттық туризмнің жорықтары қиындық деңгейіне байланысты 6 дәрежеге бөлінеді: бірінші дәрежесі - ең оңай, алтыншы дәрежесі - қиын болып табылады. Жорықтың қиындық деңгейі велосипедтік жорықтарды дәрежелеу методикасына байланысты болады. Велосипедтік жорықтың бірінші категориядағы ең минимум деген ұзақтылығы 300 км. құрайды

Дәстүрлі велотуризмнің ұзақтылығы бір немесе бірнеше күнді құрайтын орташа темптегі жай қарапайым жолдарды жүріп өтуді санауға болады. Маршруттар кез-келген жерде әр түрлі ұзақтылыққа байланысты таңдалады. Мұндай жорық арнайы туристік құрал-жабдықтардың болуын талап етеді. Велотуризмнің бір түрі ретінде агрессивті туризмді атауға болады. Велосипедтік жорық бір немесе бірнеше күнге созылады, бірақ ол жорық өте жылдам темпте сан қилы жолдарда өтеді. Велосипедші өзімен бірге минималды қажетті жүкті қарапайым іліп алып жүретін сөмкесіне салады. Агрессивті велосипедтік жорық бірнеше қысқаша тоқтауларды қамтиды.Олардың барысында әдетте палатканы, отты, лагерьді пайдаланбайды. Туризмнің осы түрі үшін қала сыртында орналасқан арнайы үйлерде - мотельдерде, қонақ үйлерде түнеуге рұқсат беріледі. Көбінесе маршрут пен оны қамтитын жол ерекшеліктері велосипедшіге таныс болмайды, алдын-ала хабардар етілмейді.

Спорттық велотуризмнің негізі болып арнайы таңдалған қиын маршрут болып табылады. Оның құрылымына әдетте перевалдарды, орман жолдарын, қиын жететін жолдар немесе толығымен жолсыз жерлерді өтуді қосады. Қозғалу темпі орташа болып келеді[2].[2][3]

Дереккөздер[өңдеу]

  1. ↑ Саяхат жорықтарын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы негіздері»/Оқу құралы/- Алматы,1996 7б.
  2. ↑ a b http://www.bayking.ru Дереккөз алу қатесі: Invalid <ref> tag; name "source1" defined multiple times with different content
  3. ↑ ISBN 9965-822-57-3 Жолымбетов Қ., 2009 Құлназаров А., 2009 "Сөздік-Словарь", 2009

kk.wikipedia.org

Алғашқы Велосипед қай жылы жасалған және қалай аталған ?

Ассалаумағалейкум СҰРАҚ-ЖАУАП сайтының қолданушылары! Ал енді сұраққа тоқталсақ.

Велосипед (фр. vélocipède, шығу тегі лат. velox — жылдам, жедел және pes — аяқ) — адам күшімен қозғалатын көлік түрі.

Көбінесе екі доңғалақты, кейбір кездерде үш доңғалақты түрлері де кездеседі. Бірінші велосипедтер Еуропада 19 ғасыр пайда болып, одан бері әлемге кең тарап, қазіргі дағдылы кейіпіне дейін дамып келген. Бүгінгі күні саны 1,000,000,000-тан асатын бұл көлік әлемнің кейбір аумақтарында серуендеуге, не спортта қолданылса, көп региондарда негізгі транспорт түрі болып табылады.

Велосипедтің жалпы бейнесі, рамасының конфигурациясы, доңғалақтары, педальдары, отырғышы және тұтқасы 1885 жылы алғашқы жасалған шынжырлы нұсқасынан аса көп өзгерген емес. Әрине сол уақыттан бері, әсіресе кейінгі кезде, жаңа материалдар қолданылып, компьютері орнатылған модельдері де дамытылып, велосипедтің дизайнына айтарлықтай өзгерістер жасалды

Велосипед – жедел жүруге арналған қарапайым көлік. Ол 16 ғасырдан бастап көптеген елдердің өнертапқыштары: Г.Гантшель (Германия, 1649), Р. Ла Рошелли (Франция, 1693), Леонтий Шамшуренков (Ресей, 1752), Овенден (Англия, 1761), тағыда басқа жасаған төрт доңғалақты арба негізінде шыққан. Алғашкы екі доңғалақты велосипед Ресейде жасалды. Ефим Артамонов жасаған велосипед 1801 жылы Мәскеуде көпшілікке көрсетілді. Оның алдыңғы үлкен доңғалағы педаль арқылы қозғалысқа келетін де, артқы кішкене доңғалағы сүйемелдеуіш қызметін атқаратын. Соңынан Батыс Еуропа елдерінде әр түрлі велосипедтер (Карл Драйс, Германия, 1815) пайда болды. 19 ғасырдың 50-жылдары неміс механигі Ф.М. Фишер велосипедтің алдыңғы доңғалағына педаль кигізілген шатун орнатуды ұсынды. 19 ғасырдың аяқ кезінен бастап велосипед көптеп шығарыла бастады. Бұл кезде оның құрылысына пневматикалық шина, шарикті ішпек (подшипник), болат түтіктен жасалған рама, шынжырлы беріліс, еркін жүріс механизмі, тағыда басқа енгізілді. Қазіргі велосипед үстіне ершік орнатылған рамадан, екі (кейде үш) доңғалақтан тұрады. Ол аяқ күшімен педальді беріліс арқылы қозғалысқа келтіріледі. Оның рульмен байланысқан алдыңғы доңғалағы бағыттаушы қызметін атқарады. Велосипед пайдалану мақсатына және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: көліктік велосипед, көліктік жеңіл велосипед, жасөспірімдер велосипеді, спорттық велосипед, балалар велосипеді және арнаулы велосипед болып ажыратылады. Көліктік велосипедтің рамасы берік, шинасы жалпақ, рулі биік орналасқан, салмағы 16 килограмм шамасында, пайдалануда барынша қарапайым болып келеді. Көліктік жеңіл велосипедтің салмағы жеңілдеу (14 килограмм) әрі шинасы жіңішкелеу, әдетте қол тежеуішпен жабдықталады. Жасөспірімдер велосипеді ересектерге арналған көліктік велосипедтің көшірмесі іспетті, құрылымы мейлінше қарапайым әрі бөлшектері үлкен велосипедтегіден гөрі кішірек келеді. Спорттық велосипедтердің тас жолға және трекке арналған түрлері бар. Олардың салмағы жеңіл (8 – 11 килограмм), камерасыз шиналары жіңішке болады; құралымдық жабдықтары легирленген болат және дюралюминий сияқты берік әрі барынша жеңіл материалдардан жасалады, рулі төмен орнатылып, қол тежеуішпен және жылдамдық ауыстырғышпен (сегіз – он сатылы) жабдықталады. Спорттық велосипедтің бір түрі – тандем. Ол екі кісіге лайықталып, қос доңғалақты және қос берілісті болып жасалады. Мұндай велосипедтің жылдамдығы сағатына 70 километрге дейін жетеді. Балалар велосипедінің екі және үш доңғалақты, сондай-ақ құрама түрлері (үш доңғалақты велосипедті екі доңғалақты велосипедке және керісінше өзгертуге болады) бар. Балалар велосипедінің шиналары тұтастай құйылып немесе үрлемелі резина күйінде шығарылады. Арнаулы велосипедтерге циркте ойнауға, жүк тасуға, қарт адамдардың жүріп-тұруына арналған бір – үш доңғалақты велосипедтер, велоарба, тағыда басқа жатады. Соңғы кезде жиналмалы велосипедтер көп тарады. Аспалы қозғалтқышпен жабдықталған велосипед мопед деп аталады.

Велосипедтің шығу тарихы мен ойлап шығарған адамы нақты белгілі емес. Ең ықтимал болжам ретінде неміс бароны Карл Дрездің есімі аталады. К. Дрез өз машинасын 1817жылы ойлап тауып, патентін алған. Бұл көлік адамның жерді аяғымен итеру арқылы қозғалған.

Велосипедтің тарихы терең. Кейбір деректерге қарағанда, 1863 жылы Парижде 20 жастағы франциялық өнертапқыш Пьер Лалман қазіргі велосипедке ұқсайтын ең алғаш көлік құралын жасап шығарған көрінеді. Тағы бір жылдан кейін франциялық инженер Пьер Мишо бұл көлікке «велосипед» деген атау берген екен. 1866 жылдың қараша айында Пьер Лалман Америкаға барып, өзі жасап шығарған велосипедке патент алды.

Сөйткен велосипед жылдар бойы техникалық жағынан жетіліп, бүгінгі күнге дейін адамзат кәдесіне жарап келеді. Бір қызығы, XX ғасырда велосипедке деген қызығушылық біресе артып, біресе төмендеп отырған. 1905 жылдан бастап АҚШ пен Германия сияқты дамыған елдерде автокөлік индустриясының дамуына байланысты ве­лосипед сән болудан қалды. Жол полициясы велосипедшілерді автокөлік қозғалысына кедергі туындататындар деп санайтын. Алайда 1960 жылдың аяғына таман эколо­гиялық мәселелерге алаңдаумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттайтын дамыған елдерде велосипедке деген қызығушылық қайтадан артты.

Өткен ғасырдың аяғына таман Кеңес Одағында адамның жас шамасына қарай сұрыпталған «Дружок», «Школьник», «Орленок», «Салют», «Кама», «Урал», «Уралец», «Украина», «Аист» сияқты велосипедтер кеңінен тарағанын біздер жақсы білеміз.

Велосипедтің әлеуметтік рөлі зор болды. Еуропада бастау алған велосипед өндірісі автокөлік пен ұшақ құрастыру ісінің техникалық базасын құруға негіз беріпті. Велосипед қаңқасы мен басқа бөлшектерін жасауға бағытталған метал өңдеу техноло­гиялары кейіннен көліктің өзге түрлерінде қолданыс тапты. «Ровер», «Шкода», «Пежо», «Опель» сияқты өткен ғасырдың басында құрылған автокөлік шығаратын көптеген компаниялар әуел баста велосипед зауыты­нан бастаған екен. Жүргізушінің жынысына қарамайтын велосипед гендерлік теңсіздікті жоюға да үлес қосты. Оның арқасында әйелдер еркін қимылдауға мұрша бермейтін тар корсетті тастап, велосипедтің арқасында сәнге айналған ықшам, әрі ыңғайлы шалбар кие бастады.

VІІІ ғасырдың аяғында велосипедтің арқасында ауыл тұрғындары көршілес ауыл мен қалаларға барып, түрлі елді мекендер өзара қыз алысып, қанның жаңаруынан халықтың генетикалық денсаулығы да жақсарғанын ғалымдар жоққа шығармайды. Велосипедтің арқасында халық бір қалада шоғырланбай, қала сыртында өмір сүріп, алыс жерлерде жұмыс істеу мүмкіндігін алған.

Мына жерден алынды ақпарат.

 

surak.baribar.kz

Қалалық велосипед — Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Типтік қалалық велосипедтің түрі, тік отырғандағы сурет. Рульдегі себет, кресло, қорғау тізбектері, артқы көрініс айнасы, динамо-генератордан күш алатын алдыңғы фонарь — бұл құралдардың барлығы велосипедтің ыңғайлылығын арттырады.

Қалалық велосипед (ситибайк) — қала ішіндегі күнделікті сапарлар, тегіс кжерлерде кішігірім серуендеп қайтуға арналған велосипед. Бұл велосипедтің түрі әлем бойынша кеңінен таралған, өйткені қарапайым киімде және әр түрлі ауа-райы жағдайларында мініп жүруге, сапарға шығуға бейімделген.

Әдетте, осындай велосипедтің конструкциясы қарапайым және мінсіз, қалалық жағдайларға көп бейімделген, велосипед жайлылық және үнемділік, жылдамдық пен тиімділік мақсатында жасалған. Қалалық велосипедтер жоғары реттелетін рульмен, үлкен жұмсақ егермен (велосипед орындығымен) жабдықталған сондықтан адам орындықта отырған сияқты тік (биік) отырады. Қалалық велосипедтердің әдетте жылдамдықтар қосқышының саны спорттық немесе туристік моделделге қарағанда аз. Әдетте, қалалық велосипедтің рамасының жоғарғы трубасы төмен орналасқан немесе жоқ, өйткені рама қалалық велосипедтердың рамаларына спорттық велосипедтерге қарағанда аз күш түседі, олар оңай отыруға және оңай түсуге арналған, әсіресе күнделікті киіммен мінуге ыңғайлы. Қалалық велосипедтердің көбісінде комплект түрінде багажнигі, қанаттары, қаптамамен жабылған шынжыры және қоңырауы болады. Амортизаторлар жоқ, тежегіштер көбінесе аяқ барабанды. Трансмиссия не жылдамдықтарды ауыстырып-қосқыш, не біріктірілген артқы планетарлық втулкасы бар беріліс қорабынан тұрады.

Қалалық велосипедтер спорттық құрал ретінде пайдалануға арналмаған. Қазақстанның елордасында және кейбір қалаларында қалалық велосипедтерді прокатқа берудің қоғамдық жүйесі жасалды, мысалы Астана қаласында 150 велостанция бар [1], сондай-ақ қоғамдық велопрокат жүйесі Шымкент [2], [3], [4] қаласында бар.

Ситибайктер іссапарлар үшін әр түрлі киім, әр түрлі жүктер, әр түрлі ауа-райында міну үшін жобаланған. Сондықтан олар дербес көлік құралы ретінде шағын ара қашықтықтарға мініп жүруге оңтайлы. Әдетте, қалалық велосипедтер ұзақ дайындық талап етпейді, әдеттен тыс тосын сапарлар үшін пайдаланылады.

Голланд термині Stadsfiets қалалық велосипедтерге тән конструкция және  қалалық велосипедтің комплектациясын қамтиды, атап айтқанда: тік отыру, велосипедистер, қорғаныш қаптамамен қапталған шынжыр, артқы дөңгелегі киімның ілініп қалуынан қорғаумен жабдықталған (Skirtguard), артқы доңғалақтар блокираторы (O-lock), планетарлық төлкесі, динамодан қуат алатын автономды жарықтандыру жүйесі және велосипед руліндегі қоңырау.

Неміс және Голландтың ситибайк нұсқасы өте ұқсас, бірақ кейбір ерекшеліктері бар [5].

Дәстүрлі дизайн еуропалық қалалық велосипеді мынадай: рамасы аз көміртекті жоғары легірленген болаттан (арзан велосипедтің дайындау үшін қолданылады, хромомолибденді рамаларға қарағанда сапасы төменірек), қара түске боялған хромдалған элементтері бар, динамо-машинасы бар, қарапайым шамдармен, үш-жылдамдық планетарлық төлкемен немесе жалғыз жылдамдықпен жабдықталған.

Қазіргі заманғы қалалық велосипедтер еуромалық қалаларда кеңінен таралған, әсіресе Амстердам және Копенгаген қалаларында. Қазіргі заманғы модельдердың рамалары түрлі түсті бояуда болуы мүмкін, алюминий немесе хромомолибден материалдан жасалады, велосипедтердың алдыңғы жұмсақ шанышқысы (амортизаторы), орындық асты штыры мен бірге амортизаторы, динамосы, төлкемен біріктірілген берілісті ауыстырып қосу тетігі, жиналмалы аяқ тірегіші, балалар орындығы мен  және рамаға жалғанған  шамдары бар.

Кейбір мысалдар[өңдеу]

  • Flying Pigeon (ағыл. Flying Pigeon) — кең таралған қытай велосипеді.
  • Royal 8, Breezer Uptown 8, Biria Trekking Superlight 8, and the PUBLIC C7i  Electra модельдері
  • Stels Navigator 2XX және 3XX модельдері, компания Веломотрос.
  • Roadkiller және Roadkiller Lady модельдері, компаниясы Shulzbikes.
  • Roadster және Dutchi модельдері, компания аты Linus.

Дереккөздер[өңдеу]

kk.wikipedia.org


Смотрите также